Жетісайда жаңа жобалар жүзеге асады

Жетісайда жаңа жобалар жүзеге асады
Мемлекет басшысының ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде тапсырмалары сапалы орындалуы тиіс. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданына іссапармен барып, аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды қадағалады, деп хабарлайды Turkistan Today.

Бірнеше кәсіпорын мен нысанды аралап, жергілікті басшыларға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі мен игіліктерін тұрғындарға түсіндіруді, оларға көмектесуді тапсырды. Жаңа жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтты.

– Елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын реттестірумен бірге, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табыс көзін қалыптастыру қатар жүруі керек. Бұл бағыттағы жұмыстарға басымдық беріледі. Осы екі бағытты бір-бірінен бөлуге болмайды,– деді облыс әкімі.

Сапар барысында облыс әкімі Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде орналасқан медицина орталығында болды. «Қыдыр ата» медициналық орталығы күніне 100 азаматқа дейін қызмет көрсетеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0