2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда 84 ауылға инфрақұрылым тартылып, бұл жалпы жоспардың 58,2%-ын құрап отыр. Нәтижесінде 400 мыңнан астам адам (101,8 мың абонент) өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды,- деп хабарлайды turkistan.today
Президент тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы тағы 42 елді мекенге көгілдір отын беріледі деп жоспарланған. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы сомасы 7,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 21 жоба – 2024 жылдан өтпелі. Қоғалы ауылынан басқа барлық нысандарда жұмыстар аяқталды. Бұл елді мекенде газ құбырының 80 шақырымынан 35 шақырымы тартылды.
24 жаңа жоба бойынша 3,5 млрд теңге игерілді, алдағы уақытта тағы 18 жобаның құрылысы басталмақ. Бұл жұмыстардың жалпы құны – 15,9 млрд теңге. Аталған жобаларды аяқтау үшін Энергетика министрлігі қосымша 25,6 млрд теңгеге бюджет өтінімін жолдады.
Атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде Жетісу облысында көгілдір отынға қосылатын елді мекендердің саны 126-ға жетіп, қамту деңгейі 71,4%-ды құрайтын болады. Бұл – 500 мыңнан астам тұрғынның тұрмыстық жағдайын жақсарту деген сөз.
Сонымен қатар, қазіргі схемаға енбеген тағы 22 ауыл бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.