«Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов БазарLike бағдарламасында Айдар Тұрғанбаев пен Мырзахан Маханов туралы айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ол екеуі жұбайларымен дәм-тұздары жараспай ажырасқан.
Айдардың да бірінші әйелі әп-әдемі. Екеуі бір-бірін сүйіп, махаббатпен қосылды. Бірақ өздері тіл табыспады. Біз араласпадық, сондықтан не болғанын білмейміз. Әрине қолымыздан келгенше қосуға тырыстық. Бір қызы бар. 11-ге кеп қалды. Қазір екеуінің де отбасы бар. Өмір деген әрі қарай өтіп жатыр. Тоқтап жатқан жоқ, -дейді продюсер.
Ол сонымен қатар 2013 жылы отбасын құрған Мырзахан Махановтың некесі ұзаққа созылмағанын айтты.
Дүркіретіп той жасадық алты алашқа. Бес-алты жылдай тұрды. Араларында сәби болмады. Бірінші себеп сол деп ойлаймын. Алланың сынағы, әрі-бері күтті. Сосын шыдамдары таусылып, екіге кетті. Мырзахан жақтан құдаларымыз да жақсы жігіттер еді. Жастар ажырасып кетсе де, аралары суымады деп ойлаймын. Өмірдің сынағы шығар. «Жас емессің, 35-ке келдің. Болмаса, үйлен. Болмаса, Алланың сынағы деп, келінмен қайта қосыл деп айттым, - дейді Ерғали Әбдірайымов.
Айта кетейік, Мырзахан 2013 жылы Гүлім есімді астаналық арумен бас қосқан болатын.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.