Көлікте санитариялық бұзушылықтар орын алған жағдайда не істеу керек?

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 9 ақпан, 2024

Қоғамдық орындарда, оның ішінде көлікте, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді сақтау шаралары ерекше назарды талап етеді. Жолаушыларды тасымалдау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында бұзушылықтарға тап болған азаматтар осы мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органға жолданым жібере алады. Сондықтан жолданым беру рәсімін білу маңызды. Бұл материалда Денис Панченко, ҚР ДСМ СЭБК Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл, тасымалдаушылар тарапынан санитария және гигиена саласындағы бұзушылықтарға куә болған теміржол, әуе және су көлігі жолаушыларына осы сұрақпен қалай дұрыс жүгіну керектігін айтып береді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Егер жолаушы теміржол, әуе немесе су көлігімен жүру жолында санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталмағанына куә болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне немесе бұзушылықтың анықталған жеріне байланысты осы Департаменттің қарамағындағы тиісті бөлімшелік басқармаға өтінішпен жүгіне алады.

2023 жылы Департаментке және бөлімшелік басқармаларға 423 жолданым келіп түсті, оның ішінде 50-ге жуық жолданым – кәсіпкерлердің қызметін тиісті атқармауы, көлік объектілерінің қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайы, улану жағдайлары және санитариялық-гигиеналық жағдайлардың басқа да бұзылуы туралы. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен БАҚ мониторингі барысында теміржол және әуе жолаушылар көлігінің қанағаттанарлықсыз санитариялық жағдайына қатысты 60-қа жуық посттар мен комментарийлер анықталды. Департамент оларға тиісті жауаптар берді, оның ішінде жазба авторларына ресми түрде жолданым беру ұсынылды, сондай-ақ осы материалдар негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін ұсынымдық сипаттағы хаттар жолданды.

Нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін келіп түскен жолданым мұқият зерделенеді, барлық тексеру парақтары қарастырылып, жолданым нысанасына қатысты тармақтар ғана таңдалады. Тексеруді тағайындау туралы акт шығарылады, онымен кәсіпкер танысуға тиіс, егер жолданым расталса, онда оны қарау қорытындысы бойынша әкімшілік ден қою шаралары қабылданады.

Субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер қатаң және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркеуден өткізіліп, көзделген негіздер бойынша, жолданымда дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпей, басқа жағдайда – тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, оның басталуына кемінде бір тәулік бұрын хабардар етіп жүргізілетінін есте ұстаған жөн.

Жолданымдар анонимді болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейтінін ерекше атап өткен жөн.

Сондай-ақ, 2024 жылдың басынан бастап шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий аяқталғанына назар аударамыз.

Ал жолданым беру процедурасы мынадай:

  1. Дәлел ретінде тасымалдаушы тарапынан бұзушылықтар фактісін (фото- (күні мен уақыты көрсетілген сутаңбасы бар тиімдірек) не бейне- (жазбада күні мен уақытын жариялау) тіркеп, тасымалдаушының атауын, байланыс деректерін нақтылап, жол жүру құжатын сақтау керек.
  2. Жолданымды egov.kz порталы арқылы электрондық тәсілмен «Электрондық өтініштер» қызметін таңдау арқылы не тікелей eotinish.kz ресурсында, сондай-ақ жолданымды сканерленген түрде dsekt@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына жіберу тәсілімен немесе тікелей Департамент кеңсесіне қағаз тасығышта немесе пошта жөнелтілімімен: Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Қарасай батыр көшесі, 2А, не Департаменттің қарамағындағы тиісті бөлімшелік басқармаға жіберуге болады.
  3. Жолданымда тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН (бар болса), пошталық мекенжайы, әкімшілік органның атауы, жолданымның мәні (жоғарыда аталған дәлелдемелерді қоса бере отырып), жолданым жіберілген күні, өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетілуі қажет.
  4. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) 76-бабына сәйкес жолданымды қарау мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды (белгіленген тәртіппен ұзарту мүмкіндігімен).

Жолданымды әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде жолданым беруші қосымша мәліметтерді, ақпаратты, оның ішінде жолданымды жан-жақты және толық қарау үшін маңызы бар материалдарды ұсынуға құқылы.

Заңдылықты бұзу фактілері расталмаған жағдайда, белгіленген талаптарға сәйкес өтініш берушінің қатысуымен тыңдау тәртібімен ескертулер мен ұсыныстарды кейіннен талқылай отырып, алдын ала жауап жіберіледі.

Әкімшілік рәсім шеңберінде қабылданған шешіммен және дәлелді жауаппен келіспеген жағдайда, ӘРПК талаптарына сәйкес өтініш берушінің лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және әкімшілік мемлекеттік органның қабылданған шешімдеріне шағымдануға құқығы бар.

Шағымды әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға әкімшілік актісі, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын лауазымды тұлғаға қатысты беруге болады, дәлелдер қанағаттандырылмаған жағдайда үш жұмыс күні ішінде шағым жоғары тұрған әкімшілік органға (лауазымды тұлғаға) жіберіледі.

Шағымның нысаны мен мазмұны бойынша ӘРПК-нің 93 бабына сәйкес мынадай талаптарды сақтау қажет:

  1. Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда беріледі.
  2. Шағымда мыналар көрсетіледі:

1) шағымды қарайтын органның атауы;

2) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН (бар болса), пошталық мекенжайы;

3) нақты тұрғылықты мекенжайы;

4) әкімшілік актісі, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның атауы;

5) әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің талаптары мен дәлелдемелеріне негізделетін мән-жайлар;

6) шағым берілген күн;

7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;

8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.

ӘРПК-нің 99-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды (ұзарту мүмкіндігінсіз).

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен не жоғары тұрған әкімшілік органның (лауазымды тұлғаның) болмауы себебінен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

Осылайша, көлік объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бұзушылықтарға тап болған азаматтардың дұрыс және уақтылы жүгінуі белсенді азаматтық ұстаным ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

 

Денис ПАНЧЕНКО,

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл

604

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.