«Жолымды ашты»: Өзінен жеті жас кіші сүйіктісін көрсеткен Әсел Сәдуақасова Ерке Есмаханға алғыс айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 21 сәуір, 2023

Күні кеше жеке өмірін көпшілікке жария еткен актриса Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен жас айырмашылығын сөз еткендерге жауап берді деп Turkistan Today хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өнер иесі өзінен жеті жас кіші ер азаматпен көңіл қосуына әнші Ерке Есмахан себеп болғанын айтты. 

“Мен ғашық болып қалғанымды алғаш рет сезгенімде қатты қуандым. Бірақ уақыт өте оның менен кіші екенін ұғына бастадым. Содан ұзақ уақыт ойға батып жүрдім. Мен өмірімде кездесетін белгілерге сенемін. Сөйтіп Таиландта жүріп осы туралы ойландым, іштей жүрек пен ақыл күресіп жатты. Бірақ өзіме бір белгі берілетін сәтті күтемін деп шештім. Артық ойдан арылып, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, актриса Гүлнәз Жоланова Ерке Есмаханның мешітте неке қиған суретін жариялапты. Бұл маған берілген белгі еді. Мен қатты күлдім де, “түсіндім” дедім де, “Ерке, рахмет, жаным” деп Ерке Есмаханға алғысымды білдірдім. Расымен, Ерке шектеулер мен қатып қалған стеротиптерден менің жолымды ашты”, – дейді актриса ақтарыла.

Әсел Сәдуақасова жас айырмашылығын кедергі деп санамайды.

“Сондан кейін сабама түстім. Бұл да болашаққа қорқынышпен қарау екенін түсіндім. Ешкім қарым-қатынастың мәңгі екеніне кепіл бола алмайды. Мен  ер азаматынан жасы кіші қанша жұпты көрдім. Олардың көбі бақытты, бірақ айырылысып кеткен жұптар да жоқ емес. Кейбір адамдардарың арасында тіпті махаббат та жоқ. Жаста тұрған ештеңе жоғын енді түсіне бастадым. Біз – өз тағдырымыздың иесіміз”, – дейді танымал актриса.

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.