Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова тағы сынға қалды. Бұл жолы оның салтанатты кеште бірнеше ер адаммен амандасу мәнері желі қолданушыларына ұнаған жоқ, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
21 мамырда еліміздегі мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Соған орай, Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен "Ұлы дала әуені" атты салтанатты кеш өткен. Сол кешке қатысқан актриса қонақтармен бет сүйісіп амандасқанын желіге видеоға түсіріп жкүтеген. Олардың арасында министр Асхат Оралов, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, әнші Сәкен Майғазиев бар. Желі қолданушыларына Жұлдыздың бұл әрекеті ұнаған жоқ.
"Сүйісіп, амандасу дұрыс емес", "Әйел адам желбегей жамылып жүруге болмайды", "Бәрі сүйе берген соң, беті сасып кеткен шығар", "Ешкімді ренжітпей, бәрінің бетінен сүйіп шықты", "Сүймеген еркек қалды ма?", "Неге ер кісілермен құшақтасып беттен сүйеді екен", Бетімен сүйісіп амандасқанды көрсеткен бір түрлі екен", "Әдейі істейді", - деген пікірлер өте көп.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.