Илон Масктың компаниясы адам миына чип енгізіпті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 31 қаңтар, 2024

Америкалық миллиардер әрі кәсіпкер, SpaceX және Tesla негізін қалаушысы Илон Маск бірінші адам миына Neuralink имплантын енгізу процедурасынан өткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды turkistan.today порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы миллиардер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Бірінші адам кеше Neuralink-тен имплант алды және отадан кейін жақсы сауығып келеді", - деді ол.Масктың айтуынша, құрылғы жұмысы туралы алғашқы мәліметтер жақсы нәтижелерді көрсеткен.

Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте америкалық бизнесмен Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink импланттарды миға енгізу бойынша клиникалық сынақтар үшін еріктілерді тарта бастады.

466

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.