194 мыңнан астам қазақстандық шетелде еңбек етеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 8 тамыз, 2023

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда жұмысқа заңды түрде орналасуы үшін елімізді "Еңбекке рұқсат беру жүйесіне" қосу мәселесі пысықталуда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шетелде еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне тоқталды, деп Turkistan Today жазады inbusiness.kz.  сайтына сілтеме жасап.

"Сыртқы істер министрлігінің деректеріне жүгінсек, биылғы бірінші тоқсандағы есеп бойынша Қазақстанның 194 мыңнан астам азаматы шетелде жұмыс істеп жүр. Біз Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания және басқа да елдермен ондағы Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғайтын жаңа келісімдерге бастамашылық ету үшін қосымша шаралар қабылдадық", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, азаматтарымыз Оңтүстік Кореяда жұмысқа заңды түрде орналасуы үшін Қазақстанды "Еңбекке рұқсат беру жүйесіне" (Employment permit System – EPS) қосу мәселесі пысықталып жатыр.

"Бұл ретте migration.enbek.kz сайтына тіркеле отырып, осы жүйе арқылы жұмысқа орналасуға болады. Оны еңбек ұтқырлығы орталықтары жүзеге асырады. Шетелде жұмыс істегісі келген адам алдымен тіл үйренеді, міндетті медициналық тексеруден өтеді, сосын шетелге шығатын құжаттарын рәсімдейді", - деді Тамара Дүйсенова.

1.0k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.