23 жастағы Түркістан аруы 67 жастағы оңтүстіккореялық азаматқа ұзатылды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 8 шілде, 2023

Түркістан облысының Сайрам аудаының 23 жастағы тумасы оңтүстікореялық 67 жастағы қартқа тұрмысқа шықты, деп Turkistan Today хабарлайды Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Менің көз алдымда 67 жастағы кәріс азаматы 23 жастағы қызбен отбасын құрды. Қыз бала Сайрам қаласының тұрғыны еді. Мен сол қызға «саған жастау кәріс немесе өзіміздің жігіттер табылмай қалды ма?» дегенімде ол жай ғана «махаббат жасқа қарамайды» деп сөзін қысқа қайырған еді, — деп жазды парақшаның әкімшісі Самат Ахметов.

Оның жариялаған бейнежазбасында 67 жастағы оңтүстіккореялық азаматтың Қазақстандағы тойханалардың біріне салтанатпен кіріп келе жатқаны анық көрінеді. Бұған қатысты желі қолданушылары көптеген пікір жазып қалдырған. «Айдананы жайына қалдырыңдар. Оның қалыңдығы қазақ тілін үйреніп жүр. Олар барлық салт-дәстүрді ұстайды», «Жайлы өмірді қалаған шығар», «Кімнің кімге шыққанында не жұмыстарың бар?», «Қазақтан қамқор жігіт табылмады ма?» деген сынайда көптеген пікір жазып қалдырған. 

Сондай-ақ, парашда соңғы 3 жылда кәрістерге тұрмысқа шығып жатқан қазақстандық қыз келіншектердің саны 40 пайызға артқаны туралы дерек келтірген. Мәселеген, 2020 жылдан бері 86 қыз-келіншектер оңтүстіккореялық азаматпен отбасын құрған көрінеді. 

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.