Ақтау қаласының 9 шағын ауданындағы 4-үйдің күнқағары құлады.
Салдарынан бір ер адам көз жұмып, тағы екеуі жараланды. Бетонның құлауы нәтижесінде зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір адамды құтқару мүмкін болмады, ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Екі адам медициналық тексеруден өтіп жатыр. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жөндеумен айналысатын мердігер мекеменің қызметкерлері екені белгілі болды. Олар бетонды бөлшектеумен айналысып жатқан көрінеді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.