Танымал актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов үш әйелінен туған балаларын бір шаңырақ астына жинады деп Turkistan Today хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында балаларымен түскен суретін жариялады. Суреттен актердің бірінші әйелі Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжанды, Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнара мен үшінші әйелі Динарадан туған екі ұлын көруге болады.
“Ораза қабыл болсын! Аллаға сансыз шүкір. Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан Абдумулиевтер”, – деп жазба жариялады Сәбит Әбдіхалықов.
Желі қолданушылар арасында актердің бұл әрекетін қолдағандар қатары көп.
“Сәбиттің тағдыры солай болған шығар”, “Кіші әйелінің ақылдылығы ғой”, “Бастысы баурлар бір-бірімен араласса болды”, “Сәбит пен әйелі жаман болса бұл шаңыраққа ешкім бас сұқпас еді”, “Айгүл мен Алтынайды көргендей болдым”, – деп жазды желідегілер.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.