Алакөл жағалауында қайғылы орын алды,-деп хабарлайды turkistan.today
Абай облысындағы Алакөл жағалауында қайғылы оқиға орын алды. Жазғы демалысқа барған 38 жастағы журналист көз жұмды.
Марқұм Мейірқанова Әйгерім журналистика саласында еңбек етіп, PR саласында қызмет атқарған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол жалғызбасты ана болғаны расталды.
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындауда.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қорытынды шыққаннан кейін ғана әйелдің өліміне қатысты нақты себеп белгілі болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.