Кездесу барысында пікір алмасты,-деп хабарлайды turkistan.today
Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық, көлік-логистика, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту сынды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Мемлекет басшысы:
“Бұл сапар табысты болатынына сенімдімін. Қазақстан Грузияны стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі дәстүрлі серіктесі ретінде қарастырады. Екі ел арасында экономика, гуманитарлық сала және басқа да бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастық қалыптасты. Бұл өзара ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасуы тиіс. Мемлекет басшысы ретінде ынтымақтастығымыздың қарқынды дамуы мен нәтижелі болуына бар күш-жігерімді саламын. Қазақстан Грузиямен достық пен серіктестікті жоғары бағалайды”,-деді.
Ираклий Кобахидзе:
“Біз Грузия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа ерекше мән береміз. Серіктестігіміздің стратегиялық сипатқа ие болғаны қуантады. Саяси, экономикалық, білім беру, мәдениет және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттіміз. Қол қойылатын құжат екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деп сенемін. Қазақстанның достық пен өзара ықпалдастықты қолдап отырғанына алғысымды білдіремін”,-деді Грузия Премьер-министрі.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойып, стратегиялық серіктестікті дамытуға уағдаласты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.