Серіктестер

Арзан жанармай Ресей жүргізушілерін Қазақстанға тартуда

Жаңалықтар Бүгін, 21:58

Қазақстанға арзан жанармай оң әсер беруі мүмкін екендігін айтты,-деп хабарлайды turkistan.today

Қазақстанға арзан жанармай құю үшін Ресейдің шекаралас өңірлерінің тұрғындары жиі келе бастады. Бұған екі елдегі жанармай бағасының айырмашылығы себеп болып отыр. Қазақстанда бензин бағасы Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ал көрші елде жанармай бағасының қымбаттауы мен тапшылық мәселесі байқалуда. Осыған байланысты ресейліктер көліктеріне Қазақстаннан жанармай құйып, шығындарын азайтуды көздейді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде ресейлік жүргізушінің Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінде көлігіне жанармай құйып жатқан видеолары кеңінен тарады. Желі қолданушылары бұл жағдайды “Туризм-бұл жанармай”,-деп қызу талқылап жатыр.

Сарапшылар мұндай үрдіс жалғаса берсе, шекаралас өңірлерде жанармайға деген сұраныс артып, ішкі нарықтағы сауда көлеміне оң әсер беруі мүмкін екендігін айтты.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.