Қазақстан азаматы алдау күдігімен экстрадицияланды,-деп хабарлайды turkistan.today
Қазақстан азаматы Албаниядан ҰБТ-ға дайындық қызметін ұсынамын деп азаматтарды алдау күдігімен елге экстрадицияланды.
Бас прокуратураның мәліметінше, азамат 2022-2023 жылдары әлеуметтік желі арқылы жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындап, жоғары оқу орнына кепілдікпен түсіретінін айтып, жалған ақпарат таратқан.
Заңсыз әрекетінің нәтижесінде 32 азаматты алдап, олардың 28 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.
Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін күдікті Қазақстаннан кетіп қалған. Ол 2025 жылдың мамыр айында Албанияда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Айта кетейік, ресми хабарламаға сәйкес, аталған қылмыс үшін 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделіп отыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай алаяқтық схемалар соңғы жылдары әлеуметтік желілер арқылы жиілеп жатыр.
Көбіне күдіктілер білім беру қызметі немесе жоғары оқу орнына түсуге жәрдем көрсету арқылы азаматтарды алдайды. Сол себепті мамандар да күмәнді онлайн-курстар мен "кепілді грант" , "100% түсу" сияқты уәделерге сенбеуге шақырады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.