Алғыс арқалағанға не жетсін!

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 1 наурыз, 2023

Ұлы даланың ұлан белін жайлаған, сөзі жұпар аңқыған, танымы табиғатпен біте қайнасқан халқымыздың ізгі қасиеттерінің бірі – ақжарылқап пейілімен, адал көңілімен алғыс айта білу болса керек.

Бабаларымыз аңсарын тыңдап, бауыры еріген ана жерге алғыс айтып, желілі биенің желінінен шыққан алғашқы ақты жерге татқызады. Қыдыра жалды құла айғырдың құйрығына май жағып, Қамбар ата әулетіне алғыс айтады. Ақбоз үйін алты айналып, алғашқы жаңбырда көктен жаудырған, жерден өндірген мейірімі шалқар бір тәңірге алғыс айтады. Қарап отырсаңыз, дәстүрлі қазақ қоғамында бәрі де жарастықта, өзара алғыс пен тағзымда өмір сүру қастерлі дәстүрге айналған.

Сол секілді адам баласы осынау құсни ғұмырда аялы алақаны мен өмір сыйлағаны үшін – анаға, берік қорған болғаны үшін – әкеге алғыс айтып өтері хақ. Анығына бақсақ, алғыс айту – адамзат мәдениетінің биік шыңы.

….Сайып келгенде, қоғамды игі өзгерістерге бастайтын, жүректі шуаққа бөлейтін шынайы адами қарым-қатынас. Алғыс – жүректі толқытқан мейірім мен ризалықтың сыртқа сөзбен шыққан формасы. Сондықтан бұлағай заманда барымызды бағалап, жақын жандардан жақсы лепесімізді аямайық. Аяулы өмірде алғыс айтқанға һәм алғыс алғанға не жетсін!

Баршаңызға мың алғыс!

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ

1.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.