Алматы облысында әйел асырап алған қызын ыстық сумен күйдіріп, азаптаған

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 8 қаңтар, 2024

Алматы облысында тоғыз жастағы жетім қыздың асырап алған анасынан қорлық көрген, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші қыздың бейнежазбасын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары ең алдымен «НемолчиKZ» қорына жіберген. Оның айтуынша, асыраушысы моншада шелекпен, құбыршекпен ұрған, қайнаған су құйған.

Үндеуде айтылғандай, баланы жарты жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімі асырап алып, күнделікті ұрып-соққан. Қыз оның үйінде жарты жылдай тұрып қашып кеткенімен, танысы тауып, қайта сол үйге қайтарыпты. Жәбірленуші қыз бұл қылығы үшін тағя да таяқтың астында қалған көрінеді.

Еңбекшіқазақ ауданында 9 жасар жетімге қатысты зорлық-зомбылық фактісін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева растады. Ол қыз ауруханада жатқандығын мәлімдеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

729

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.