Астанада бойжеткеннің танысы кофеге есірткі араластырып берген

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 16 тамыз, 2023

Виртуалды таныстық спайкингпен аяқталды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Елордада полицияға жас қыз арызданып, сырттай таныс адамның кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан. 

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған.

Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. 

"Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз", делінген полиция хабарламасында.

961

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.