Нысанға күрделі жөндеу жүргізілмек.
Әлеуметтік желіде Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ғимаратына қатысты бейнежазба тарады. Онда нысанның бұзылып жатқаны айтылған. ЖОО басшылығы осыған қатысты түсініктеме берді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Шабыт" Шығармашылық үйінің апатты жағдайына байланысты және ғимараттың жай-күйі жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыс комиссиясы жүргізген зерттеу негізінде, комиссия күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты қазір ғимаратта қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп жазылған ЖОО таратқан хабарламада.
Ал оқу орнының сайтында университет басқа ғимаратқа көшіріліп жатқаны туралы жазылған.
"Құрметті студенттер, түлектер және университет қызметкерлері!
Университеттің жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты құжаттарды тапсыру 2023 жылдың 7 тамызынан бастап Абай 47 мекенжайы бойынша жүргізіледі", – деп хабарлады ЖОО.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.