Атырауда Құрбан айтта сыйлық үшін таласқандардың видеосы тарады

Атырауда Құрбан айтта сыйлық үшін таласқандардың видеосы тарады

Атырауда Құрбан айтты тойлау кезінде сыйлыққа таласқандардың видеосы жарияланды. Бұл туралы Turkistan Today Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан бір топ адамның ішінде «Менің балама бер!» деп жанұшыра айқайлаған әйелдің дауысын естуге болады. 

Атырау облысы аймақтық коммуникация қызметінің мәліметінде оқиға Исатай мен Махамбет алаңында сыйлықтарды үлестіру кезінде орын алған. 

«1000 шақты сыйлық үлестіріліп жатқан, бірақ кезек түзілді. Сыйлықтарды тарату үшін киіз үйде уақытша пункт ұйымдастырылған. Бірақ бұл жағдайдан кейін еріктілер сыйлықтарды алаңда таратты. Құқық қорғау органдарына немесе медицина қызметкерлеріне бұл дерек бойынша ешкім жүгінбеді», – деп түсіндірді аймақтық коммуникация қызметінің өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
1
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0