Атырауда әйел ұстаздарға арналған тегін STEM HANYM курстары басталмақ.
Атырау облысында алғаш рет әйел мұғалімдер мен педагогикалық мамандық иелеріне арналған тегін STEM HANYM курстары іске қосылды. Жоба заманауи білім мен дағдыларды игеруге, кәсіби біліктілікті арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
Курс онлайн және офлайн форматта өтеді. Онлайн бөлігінде қатысушылар ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) бағыттарымен танысады. Офлайн хакатон-сабақтар Құрманғазы, Махамбет, Мақат, Жылыой аудандарында және Атырау қаласында ұйымдастырылады. Жобаға қатысқан ең үздік 100 әйел сертификатталған STEM-тренер атанып, біліктіліктерін арттыру, жаңа оқыту әдістерін меңгеру және оларды тәжірибеде қолдану, балаларға STEM бағытында білім беру мүмкіндігіне ие болады.
Жобаға келесі санаттағы әйелдер қатыса алады:
- Жаратылыстану-математикалық немесе гуманитарлық пән мұғалімдері;
- Балабақша тәрбиешілері;
- Педагогикалық факультет студенттері (3–4 курс);
- Педагогикалық білімі бар, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемейтін әйелдер;
- Мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен ерекше баласы бар аналар.
Жобаның ең үздік екі командасы менторлық қолдау алып, Орталық Азиядағы STEM чемпионатының финалына қатысады.
STEM – әлемде ең жылдам дамып келе жатқан және жоғары ақы төленетін мамандықтар қатарына кіреді. Бұл бағдарлама қатысушыларға кәсіби көкжиегін кеңейтуге ғана емес, сонымен бірге қоғамда техникалық саланың дамуына үлес қосатын жаңа буынды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мен «ExxonMobil» компаниясының қаржылай қолдауымен, USTEM Foundation қоғамдық қорымен жүзеге асырылады.
Қатысуға өтінімдер 10 тамызға дейін қабылданады (www.stemhanym.kz).
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.