Үндістан СІМ Өзбекстанда білім алып жатқан студенттердің жағдайына байланысты екі ел арасында байланыс жалғасып жатқанын мәлімдеді. Нью-Дели медициналық білім беру бағдарламаларының ұлттық талаптарға сай болуын және студенттердің құқықтарын қорғауды талап етеді.
Үндістан Өзбекстандағы жоғары оқу орындарында медицина мамандығын меңгеріп жүрген өз азаматтарының білім алу жағдайын бақылауда ұстап отыр. Нью-Дели әсіресе оқу бағдарламаларының Үндістанның Ұлттық медициналық комиссиясы (NMC) белгілеген стандарттарға сәйкестігіне назар аударуда.
Бұл туралы Үндістан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рандхир Джайсвал Нью-Делиде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, Үндістан тарапы студенттерге қатысты мәселелер бойынша өзбекстандық әріптестерімен тұрақты байланыста.
Дипломат Үндістан үкіметі үшін студенттердің сапалы әрі белгіленген талаптарға сай медициналық білім алуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Үндістан мен Өзбекстан аумағында білім алушыларды жосықсыз делдалдар мен ұйымдардың әрекетінен қорғау қажеттігін айтты.
Бұл мәлімдеме Үндістаннан Өзбекстанға медициналық білім алу үшін баратын талапкерлер санының азайғаны туралы ақпарат тараған тұста жасалды.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.