Түркістан қаласы 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Тиісті шешімді Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) қабылдаған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Президенттің айтуынша, жаңа мәртебеге байланысты Түркістанда халықаралық деңгейдегі мәдени және ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың негізгі мақсаты – түркі және ислам өркениетінің рухани мұрасын дәріптеу, тарихи құндылықтарды сақтау және мәдени байланыстарды нығайту.
Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы әдебиет пен тіл мәселелеріне арналған халықаралық форум өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар түркі және ислам әлемінің музей мамандары бас қосатын халықаралық кездесу ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстан 2026 жылдың мамыр айында Қазан қаласында өткен ICESCO Бас конференциясының XV сессиясында Түркістан қаласының кандидатурасын ресми түрде ұсынған болатын.
Түркістан – түркі халықтары мен ислам әлемі үшін тарихи әрі рухани маңызы зор шаһар. Қаладағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.
Жаңа мәртебе Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және мәдени ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.