Автобус апаты: куәгерлер ер адамның жүргізушіні неге ұрғанын айтты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 26 желтоқсан, 2023

Алматыда бірнеше адамның өліміне себеп болған автобус оқиғасы туралы тың деректер шықты, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға кезінде автобуста болған куәгерлер жүргізуші мен жолаушының арасындағы жанжал неден туғанын айтып берді.

Бір кезде жүргізуші мен жолаушы арасында жанжал шықты. Жүргізуші одан ақша төлеуін талап етті, ол бас тартты да, рөлде отырған әйелді балағаттап, қорқыта басстады. Ол оны бір рет ұрды, артынан тағы да ұрды. Сол кезде жүргізуші есінен танып қалды, - дейді бір куәгер.

Соққы жұмсаған ер адамды басқа жолаушылар сабырға шақыруға тырысқан.

Досыммен бірге отырдық. Ер адам жолақыны төлемеді. Сосын жүргізуші әйелді ұра бастағанын көрдік. Оны тыныштандырып, тіптіұруға тура келді. Досым оны ұстап алды. Бұл кезде әйел есінен танып қалған. Автобусты тоқтатуға тырыстым. Қарасам, аяғы газда екен. Еңкейіп, тормозды бастым. Автобустағылардың барлығы құлады, - дейді басқа куәгер.

Айта кетейік, Алматыда болған бұл оқиға үш бірдей адам өмірін жалмаған еді.

895

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.