Биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, көлік жүргізушілер даярлайтын мектептер көрсеткен қызмет көлемі 441,3 млн теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда құндық мәнде 3,5% көп, деп хабарлайды Turkistan Today.
Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде 426,5 млн теңгеге қызмет көрсетіліп, жылдық өсім 10,5%-ды құрады. Өткен жылдарда секторда 2019–2021 жылдар аралығындағы сәйкес кезеңде көрсетілген қызмет көлемінің төмендеуі байқалды. Биылғы көрсеткіші, мысалы, 2015 жылмен (1,6 есе) немесе 2018 жылмен (55,1%) салыстырғанда айтарлықтай төмен.
Өңірлер бойынша Батыс Қазақстан облысының жүргізушілер даярлайтын мектептері ең көп қызмет көрсеткен: 64,5 млн теңге — былтырғыдан бірден 58,4% көп.
Үздік үштікке сондай-ақ Қарағанды (55,3 млн теңге, 11,1% азайған) және Ақтөбе (46,9 млн теңге, 3,1 есе көбейген) облыстары енді. Одан кейінгі орында Ақмола (39,3 млн теңге) және Шығыс Қазақстан (36,8 млн теңге) облыстары тұр.
Ең аз қызмет Шымкентте көрсетілген: бір жыл бұрын 18,4 млн теңге болса, биыл 3,5 млн теңге ғана.
Қызмет көрсетушілердің меншік нысандары бойынша, жүргізушілерді даярлайтын қызметті ең көп көрсеткендер жеке компаниялар: бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 407,6 млн теңгені құрады, 9,1% көбейген.
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтерінің көлемі, керісінше, 37,8%, 29,8 млн теңгеге, шетелдік компаниялар қызметі 23,3%, 3,9 млн теңгеге дейін төмендеді.
Компаниялардың көлемі бойынша шағын кәсіпорындар секторда ең көп қызмет көрсетті: 439 млн теңге — бір жыл бұрынғыдан 3,6% артық. Орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметі 28,5% төмендеп, 1,7 млн теңге болса, iрi кәсiпкерлiктер қызметі 36,4% өсіп, 660 мың теңге болды.
Еске салайық: Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру ережелері өзгертілді. Процедура ҰБТ-ға ұқсас болады. Ішкі істер министрлігі жаңашылдық көлік иелерінің кәсіби деңгейін арттырып, сайып келгенде, жолдардағы жазатайым оқиғаларды азайтатынына сенімді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.