«Әйелдердің тілі ұзын» деген депутат кешірім сұраудан бас тартты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 14 ақпан, 2024

Бұған дейін отбасындағы жанжалға әйелдердің тілінің ұзын болуы себеп екенін айтқан Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев кешірім сұрамайтынын алға тартты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан бұл деп мәлімдеме жасауының себебін және ол қаншалықты орынды болғанын сұрады.

Мен психологиялық жағдай туралы айттым. Егер ер адам әйелге психологиялық тұрғыда әсер ете алатын болса, әйел де ер адамның жүйкесіне дәл солай әсер ете алады. Кикілжің төбелеспен немесе зорлық-зомбылықпен аяқталуы керек дегенді аңғартпайды. Әңгіменің ауанынан физикалық зорлық-зомбылықты алып тастау керек. Мен ондайға түбегейлі қарсымын, - деді Баққожаев.

Мәжілісмен әйел отбасының ұйытқысы екенін еске салды. Сонымен қатар өзінің сөздері үшін кешірім сұраудың реті жоқ екенін де алға тартты.

Не үшін кешірім сұрауым керек? Бұл хейт, таза хейт деп ойлаймын. Сөзімді бастар кезде-ақ «Әйелдер қауымы, кешіріңіздер» дегенмін. Бірақ дөрекі ештеңе айтқан жоқпын. Мен өз ойымды айттым, оған қақым бар. Егер он мыңдаған адам мұны отбасында талқыласа, бұл қайта жақсы деп ойлаймын, - деді ол.

Естеріңізде болса, мәжілісмен отбасындағы ұрыс-керіске тілі ұзын әйелдерді кінәлаған болатын. 

4.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.