«Балаларды шағады ма деп қорқамыз»: Оралда тұрғындар көпқабатты үйлерде пайда болған улы қарақұрттарға шағымдануда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 8 қыркүйек, 2023

Оралда тұрғындар көпқабатты үйдің кіре берісінде улы қарақұрттардың қаптағанын айтып шағымдануда. Олар күн суыса улы жәндіктер үйге кіріп кете ме деп қорқатындарын жеткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Кердері көшесіндегі No140 көпқабатты үйдің тұрғындары улы қарақұрттардың тұқымын анықтауға тырысуда.

“Біз шара қолдану үшін ҚСҚ-ны шақырдық. Бірақ олар көмектен бас тартты. 109 қызметіне қоңырау шалдық – олар да бас тартты. Дезинфекция қызметін шақырсақ, олар қызмет құны 15 мың теңгеден жоғары болатынын айтты. Көршілер мұндай соманы жинағысы келмейді. Енді не істейміз? Күн суыса, қарақұрттар пәтерлерге кіріп кетеді. Балаларды шаға ма деп қорқамыз», – деді көпқабатты үйдің тұрғыны Алина.

Тұрғындардың айтуынша, қарақұрттар подъезде көбейіп үлгерген. Ірі өрмекшілер төбеге тор тоқып сонда ұялаған.

Орал қаласының әкімдігі бұл үйде дезинфекция жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

“Жертөлелер мен кіреберістерді дезинфекциялауды ҚСК жүргізеді”, – деп түсіндірді әкімдіктегілер.

678

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.