Баланы үйінің кіреберісіне дейін аңдыған ер адамның әрекеті тексерілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 5 тамыз, 2023

Оқиға Абай облысы Қарағайлы ауданында орын алған, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғанындай, бала үйіне келе жатып артынан белгісіз ер адамның түскенін байқаған. Жүрісін жылдамдатса да, артындағы ер адам соңынан қалмай ілесіп отырған.

Ақырында бала үйіне кіріп үлгерген. Ол орын алған жағдайды әпкесіне баяндапты.

Тәртіп сақшылары дереу ер адамның жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді.

Сөйтсе, ол аталған ықшам ауданның 47 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жауап алу барысында ер адам заңсыз ештеңе жасамағандықтан, баланың қорыққанын білмегенін айтқан.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары расымен де ер адамның іс-әрекетінен аңду әрекетін байқамады.

819

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.