Балғынбек Имашев: Айнұр Тұрсынбаева екеуімізді Франкфурт әуежайында террорист деп ұстады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 20 сәуір, 2023

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев 2015 жылы айтысты насихаттау барысында Оңтүстік-батыс Африкадағы Намибия мемлекетіне барған болатын. Ақын сол сапарындағы қызықты оқиғаны айтып берді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айнұр Тұрсынбаева екеуіміздің бармаған жеріміз жоқ. Бір рет Африкаға жолымыз түсті. Қазақ пен қырғыздың айтысы UNESCO-ға енетін болды. Сол мақсатта Намибия деген елге бардық. Бірақ ол елге Франкфурт арқылы тікелей ұша алмайды екенсің. Солтүстік үшін алдымен Оңтүстік Африкаға қондық. Алайда екі мемлекеттің шекарасын аттаған соң, сол елдің визасын алу қажет екен, - дейді Балғынбек Имашев «Кімнің есінде» бағдарламасында.

Балғынбек Имашев: Айнұр Тұрсынбаева екеуімізді Франкфурт әуежайында террорист деп ұстады

Оларға Оңтүстік Африканың визасы керек болған. Айтыскерлер біз ол жерде көп аялдамаймыз, Намибияға барамыз деген. Соған қарамастан Франкфурт әуежайында екеуін алып қалған.

Айнұр екеуіміз де ағылшын тілін білмейміз.Мәдениет және спорт министрлігіне ұша алмағанымызды айтып қойдық. Дәл сол тұста террозим өршіп, әр жерде жарылыс көбейген еді. Менің сақалым бар, Айнұр да әшейін де ашық жүретін, сол уақытта оранып алған. Содан сөмкемді қойып, дәретханаға кіріп кеткенмін. Сөйтсем, камералардан сақалды адам келіп, қара сөмке қойып кетті деп шулапты. Айнұр артымнан мен ерлердің дәретханасынан іздеп жүр, - дейді Балғынбек Имашев.

Сыртқа шыққанда, әскер қоршап алғанын көргенін көрген. Төлқұжатын сұрапты, бірақ ол сөмкеде болған. 

Полицейлер басында сөмкені аштырмай, қызық болған. Айнұр қорқып кеткен. Әйтеуір, тіліміз жеткенше түсіндіріп, құтылдық. Сөмкемде ештеңе жоқ екенін көріп, түсініктеме жаздырды, - дейді ақын.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.