Елімізде танымал заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын Балғынбек Имашевтан жұрттың ақшасын қайтаруды талап етті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, айтыскер қаражатты көпшіліктен алдап алған.
«Аманат хоум» салымшылары маған көмек сұрап шығып жатыр. Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады! Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме? - деді Орынбек.
Сонымен қатар құқық қорғаушы бұл жайтқа қатысты неге қылмыстық іс қозғалмай жатқанын түсінбейтінін де айтты.
ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар? Міндетті түрде халық өзін өртеуі керек пе? Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр. Жылдам қозғап жіберіңіздер, Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын, - деді ол.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.