Моңғолиядан Сагай Нұрбахыттың отбасы атамекенге қоныс аударды. Сагай мен жұбайы Маруа екеуі де жоғары білімді, мамандықтары педагог. Қолындағы үш кішкентай балаларымен Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл аудандағы Қараағаш ауылына көшіп келген - деп Turkistan Today жазады сол өңірдегі дереккөзге сілтеме жасап.
Қандас жас отбасы бүгінде үймен қамтамасыз етіліп, қаржылай көмек көрсетілгенін алға тартады. Сагай мен Маруа жергілікті мектепте өз мамандықтары бойынша қызмет етуде. Шетелде жүрген қандастардың елге оралып, сіңісіп кетуіне жағдай мен уақыт керек дейді олар.
Былтыр Моңғолиядан қоныс аударуға 142 отбасы ниет білдірген. Бүгінгі күні, 20-дан астам отбасы атамекенге қоныс аударған.
Өзге елде жүрген қандастармен жұмыс атқаруды "Отандастар қоры" қолға алған. Олар шетелдегі қазақтармен мәдени-іскерлік байланыстарды дамыта отырып, тарихи отанына оралуға ниет білдірген қандастарға жан жақты ақпараттық және консультациялық көмектер көрсетеді. Орталыққа өткен жылы 6318 өтініш келіп түскен. Соңғы бес жылда өтініштер саны 20371 жеткен.
Қандастарды ақпараттық қолдау орталығына 1404 нөмірі арқылы немесе Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы Әлемнің кез келген жерінен хабарласуға болады.
Сондай ақ, елімізге қоныс аударуға бел буған этникалық қазақтарға арналған "Erulik.kz" веб-платформасы бар. Осы веб-платформа арқылы көші қон үдерісіне қатысты барлық мағлұматтармен, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы қарастырылған. Облыстардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен танысып, қоныс аударуға қолайлы елді-мекендерді таңдауға болады. Кері байланыс орнату мақсатында өзіңіздің сауалыңызды жолдауға болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.