Бас мүфти тиктоктағы имамдарға ескерту жасады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 24 наурыз, 2023

Әлеуметтік желіде халықтың сұрақтарына жауап беріп отыратын дін қызметкерлері туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

«Қазір тиктокта тікелей эфирде отыратын имамдар танымал. Кейде қиыс кетіп жатса бірін-бірі түзеп жатады. Осы ұстаздардың барлығын діни басқарма бақылай ма?» деп сұрады жүргізуші. 

«Қазір білікті ұстаздарымыз, ғалымдарымыз көбейіп келеді. Кейде, иә, шатасып та жатады. Бірақ шариғатта бұл шатасуға болады деген сөз емес. Осыны ұмытпау керек. Діни басқарма әр кезде де мұны имамдарға, ұстаздарға ескертіп отырады. Байқаңыздар, асығыстық жасамаңыздар, білетін дүниені айтыңыздар. Білмейтін болса, кейінге қалдырып, анықтап барып айтыңыздар деп ескертіп отырамыз. Халыққа Аллаһтың Құранын қате айтсақ, ол Құдайдың аманатына қиянат қылғанымыз. Пайғамбар сүннетін де қате айтпау керек. Ең үлкен нәрсе – білмегеніңді «білмеймін, анықтап, кейін айтып берейін» деу»,  - деп айтты Наурызбай Тағанұлы. 

«Біз діни басқармаға шақырып алып, насихат айтып жатырмыз. Немесе біздің наиб-мүфтилеріміз, уағыз-насихатқа жауапты азаматтар өңірлерге барған кезде қателескен дін қызметкерлері болса, жолығып, насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дін қызметкерлеріне айтарымыз – егер бір сұрақты білмесеңіз, қысылып, ұялып қате жауап бергеннен «білмеймін, кейін айтып берейін» деген абзал. Елді, жамағатты шатастыру – күнә. Ал имамдар бірін-бірі әлеуметтік желіде сынағаннан гөрі, қателікті ушықтырудан гөрі, алдын алып отырған дұрыс»,- деп түсіндірді Бас Мүфти. 

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көруге болады. 

https://www.youtube.com/watch?v=Caozkb8wI8s&t=4306s

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.