"Басын кесіп алған". Алматыда өлтірілген әйелдің таныстары күдіктіні таныды

"Басын кесіп алған". Алматыда өлтірілген әйелдің таныстары күдіктіні таныды

Алматыда куәгерлер кісі өлтірді деген күдіктіні таныды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол әйелдің басын кесіп алған. Атышулы іс бойынша сот отырысында өлтірілген әйелдің таныстарынан жауап алынған. Құрбысы сотталушы байғұс әйелге баспанамен көмектесуге уәде бергенін айтты. Сол күні ол ер адамды саябақта чемодандарымен күтіп тұрған, кейін мәйіт сол жерден табылды, - деп Turkistan Today хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

20 қыркүйекте Алматыда әйелді өлтіріп, басын кесіп алған оқиға бойынша сотта төрт куәгерден жауап алынды. Сот отырысына өлтірілген әйелдің құрбысы мен таныстары – тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар шақырылды. Үй-күйсіз жүргендер бірден қылмыскерді таныған.

"Ол сіз едіңіз. Мен сізді өз көзіммен көрдім. Маған қысым жасамаңыз!" – деді куәгерлердің бірі.

Ольга Куликова өлтірілген әйелді 13 жылдан бері білетін. Күдікті қылмыскерді саябақта көрген. Куәгер былай дейді: өмірінің соңғы күні құрбысы аш болып, жуынғысы келген. Ал сотталушы құрбысына пәтер жалдауға уәде берген-ді. Әйел саябақта чемодандарын алып Иманқұсовты күтіп тұрған.

"Ол қатты ауырды. Бізден шарап сатып алуды өтінді. Біз шарап сатып алдық. Ол ішіп, кетіп қалды. Ол маған: "Егер сол ақ шашты адамды көрсең, мен саябақта орындықта отыр деп айта салшы", деді. "Ол маған пәтер жалдап бергісі келеді. Мен сондай шаршадым. Мен тамақтанып, жуынып, ұйықтағым келеді", деді. Айғайлағанды ​​мен естімедім. Денис айқайды естіген. Ол: "Естідің бе? Біреу айқайлап жатыр", – деп еске алады куәгер Ольга Куликова сол күнгі оқиғаны.

Куәгерлердің айтуынша, олар сотталушының жәбірленушіге жақындап, содан кейін оны әңгімелесу үшін саябақтың басқа жеріне апарғанын көрген. Содан кейін әйелдің таныстарының бірі оның денесін тауып алған. Дәл сол түні ол қылмыскерді байқап қалған.

"Телефонның жарығын қостым да қарадым. Оның жатқанын көрдім, басы жоқ. Мен қорқып, телефонды өшіріп, қалтама салып, аллеяға қайта шықтым. Бұл адам қарсы алдымнан шықты. Мен оның қара көзілдірік кигенін, шашы ағарған екнін байқадым", – дейді тағы бір куәгер Денис Яровых.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0