Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өңірдің индустриалды әлеуетін дамыту үшін «Turkistan» корпорациясымен облыстың 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асып жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today
Жоба аясында 308 млрд. теңге инвестиция тартылып, 151 өндірістік ғимарат салынып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Бюджетке жылына 2 млрд. теңге салық түседі.
Бүгінгі таңда 10 ғимарат салынып, 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс оны құрылды. Мұнда су үнемдеу технологияларын енгізіп, жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын 3 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен бірге мектепке арналған жиһаздарды өндіретін, медициналық жабдықтар шығаратын, өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіретін, ішкі есіктер шығаратын кәсіпорындар ашылған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.