Журналист, тележүргізуші Данияр Есен бүгінде қайырымдылық жасауды пранк жасаған блогерге сын айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.
Баке блогер есімімен белгілі кәсіпкер Құдайқұл Бағдәулет 7 баласымен қорада өмір сүріп келген жалғызбасты әйелге үй алып берді.
“Жағдайы жоқ отбасыға баспана алып беріп жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Алла сіздерге разы болсын.
Айтпай-ақ қояйын деп едім, бірақ айтылмаса сөздің атасы өледі. Бәрі дұрыс, бәрі жақсы.
Бірақ мынадай хайп пранкті келесі жолы жасамай-ақ қойсаңыздар деген өтінішім бар. Сәтсіз пранк. Онсызда тағдыр тауқыметін аямай тартып, кедейшілікті, тауқыметтің қамытын киген келіншекке психологиялық соққы беріп, артынан қуанту-сәтсіз әрекет.
Пранк деген дүниені басқа жерде істей берсеңіздер жарасады. Жүрегі қырық жамау әйел баласын қорқыту, сырт көзге оғаш көрініп тұр.
Мен әзілді де, юморды да түсінемін. Әзіл деген дүние жоғары интелектіні қажет етеді. Жақын достармен қалжыңдасса жарасады. Ал қайырымдылық ісіне әзілді аралыстырмай-ақ қойсаңыздар. Сырт көз сыншы. Керемет қайырымдылық амалдарыңызды жеңіл әзіл жуып-шайып кеткендей болды. Қазақ қуанышты жаңалықты сүйіншілетіп жеткізген дана халық емес пе?”- деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетсек, Құдайқұл Бағдәулет есімді кәсіпкер қорада күнелтіп жүрген 7 балалы жалғызбасты әйелге қаражат жинап, үйлі етті. 48 сағат ішінде қайырымды жандар қаражат жинап, 10 соток жер мен 5 бөлмелі үй әперген болатын.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.