"Дәрігердің қателігі": Павлодарда бес жасар бала сүндеттелгеннен кейін ауруханаға түсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 1 қыркүйек, 2023

Жауапты дәрігер қызметінен шеттетілді.

Павлодарда бес жасар бала сүндеттелгеннен кейін жағдайы нашарлап, ауруханаға түсті, деп Turkistan Today хабарлайды Inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жазып, құзырлы органнан көмек сұрады.

"23 тамыз күні 5 жастағы баламды  мұсылман дәстүрі бойынша сүндетке отырғызу үшін  облыстық балалар емханасының хирург дәрігеріне алып келдім. Өкінішке қарай, дәрігердің қателігі мен қызметіне салғырт қарауының нәтижесінде баламның денсаулығына үлкен зиян келді. Хирургия бөлімінің меңгерушісінің өзі мұны дәрігер қателігі деп айтты. Сол күні біздің басымыздан өткен жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Отаға алдын ала жазылып, дәрігермен танысып, ұлымызды оған сеніп тапсырудың нәтижесінде біз қазір Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында жатырмыз. Дәрігер баламның болашағына балта шапты", дейді баланың анасы.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, қазіргі таңда баланың ота жасалған жеріне екі катетор қойылған. Жағдайы ауыр. Дәрігерлер де нақты ештеңе айтпаған.

"Қазіргі таңда дәрігер өзінің жұмысына танытқан салғырттығын жабу үшін шығару уақытын өзгертіп, жазбаны түзетіп жатыр. Бұған дейін ол шығару құжатымен таныстырып, қолымызға бермеген", дейді ол.

Баланың анасы ҚР денсаулық сақтау министрлігі мен бала құқығын қорғау органдарына мәселені назарға алып, кінәлі адамды жазалауды сұрайды.

Аталған оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

"Осы факт бойынша денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрып, қызметтік тексеру жүргізеді. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады. Осы жағдай бойынша жоспардан тыс тексеруді ашу үшін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне хат жолданды. Бала Ана мен бала орталығының урология бөлімінде, жағдайы тұрақты", делінген хабарламада.

Бүлдіршінге ота жасаған маманның 13 жылдық еңбек өтілі бар. Сонымен қатар, ол "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша біліктілік I санатындағы дәрігер. Қазіргі уақытта дәрігер хирургиялық операциядан шеттетілді.

818

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.