Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 17 ақпан, 2024

Бүгін Қазығұрт ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесіп, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады. Аймақ басшысы көтерілген мәселелердің барлығынан атқарушы органдардың хабардар екенін атап өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.

Кездесуде облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі бағыттарға тоқталды. Аймақ басшысы ағын су мәселесін шешу үшін су жүйелерін реттеу, субсидия беру, пилоттық жоба, бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.


Диқандар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді.

– Басты мәселе – жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта өндірісті арттыру. Бар жерді барынша тиімді пайдалану керек. Су үнемдеу технологияларын қолдануға барынша басымдық беріледі. Жастарға сапалы білім беріп, еңбекке баулу керек. Осы екі мәселеге баса назар аударылса игі. Еңбек өнімділігіне, жаңа тех­но­логияларды енгізуге, сапалы тұ­қым мен заманауи техниканы сатып алу­ға ерекше назар аудару қажет. Үздік агроқұрылымдар тәжірибесін бөлісу мақсатында арнайы семинарлар өт­кізу, кеңселер жүйесін құру жө­ніндегі ұсы­ныстарды қолдаймын. Басты міндет – импортты төмендету және өңіріміз өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етуге барынша қол жеткізу, — деді Дархан Амангелдіұлы.

Республикада салынған жылыжайлардың 70%-ы Түркістан облысына тиесілі. Жылыжайдың жалпы көлемі 1 640 гектар. Өткен жылы 140 мың тонна өнім жиналып, республика халқының 42%-ы көкөніспен қамтамасыз етілді. Жүйелі атқарған жұмыстың нәтижесінде фермерлік жылыжайлардың стандарты әзірленіп, 801 жылыжай сертификатталды.

Жылыжай шаруашылықтарын субсидиялаудың жаңа ережесі бекітіліп, өндірушіден тікелей көмір сатып алу келісілді.

Жылыжайларды дамыту мақсатында 4 ірі жобаны (көлемі 155,5 га) іске асыру жоспарлануда (құны 83,3 млрд.тг.). Бұл өз кезегінде 1 380 жаңа жұмыс орнын ашып, 30 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Мақта өсірумен шұғылданатын 25 мың агроқұрылымда 75 мың адам еңбек етеді.

Жиналған 98 мың тонна мақта талшығының 82%-ы экспортқа бағдарланған. Тиісінше әлемдік биржа бағасына тәуелділігі жоғары. Осы мәселені ескере отырып, мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленді. Жоба аясында мақта алқабын 25%-ға азайтып, егістікті әртараптандыру көзделуде.

Сондай-ақ сапалы тұқым шаруашылығын дамыту, су үнемдеу технологиясын кеңінен ендіру және мақтаны қайта өңдеу үлесін 100%-ға жеткізу жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

420

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.