Биыл Түркістанда 140 шақырымға жуық жол жөнделеді

Түркістан Бүгін, 16:53

Түркістан қаласында көлік қозғалысын реттеу және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазіргі таңда Бекзат тұрғын алабында ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу барысында жол негізін дайындау, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, сондай-ақ бір жақты аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Отырар тұрғын алабында жалпы ұзындығы 24,6 шақырым болатын 28 көшені орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл көшелердің қатарында Шаян, Ойсылқара, Келес және оларға іргелес өзге де көшелер бар.

Айта кетейік, Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Биыл қосымша 138,5 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар толық орындалған жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға жетеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.