“Домбыраны қорлады”. Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Flyarystan қызметкерлеріне ренішін білдірді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 5 мамыр, 2023

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай әуежайда Flyarystan қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбей, өзін жұлқылағанын айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты, деп Turkistan Today хабарлайды “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

“Flyarystan компаниясының қызметкерлері “домбыраны ұшаққа кіргізбейсің” деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Мені жұлқылаған екі қыз маған әлі келмеген соң, күзетті шақырды. Ол қыздардың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім!

Маған “бұл компания кімдікі екенін білесің бе?” деді. Маған кімдікі болса да бәрібір. Халыққа қызмет ету керек.

Әбден есіріп,елдің құқығын таптап ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!”, — деді ақын.

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.