Әрине, жалаң насихат түк те бермейді. Мұны нақты мысал мен өнеге (білімді жастардың, танымал тұлғалардың өмірі, ізденісі т.б.) арқылы айтқан жөн – деп Turkistan Today жазады белгілі Мемлекет және Қоғам қайраткері Дархан Мыңбайдың фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
- Тұлғалар мен замандастар табысының кілті кітапта екенін, өмірдегі әсерін, пайдасын таразылап, танымалдандыру тәсілін кеңейте түсу маңызды. Өркениеті озық елдердің заманға лайық тәжірибесін үйреніп, батыл шешімдер қабылданбаса, рухани жетістіктерімізден, ұлттық құндылықтарымыздан ажырап қалу қаупі жоқ емес. Сондықтан да Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылын» іспен қуаттау өте маңызды. Әрине, қоғам ең әуелі сапалы, шынайы әдеби туындыларды жарыққа шығаруға мүдделі болуға тиіс. Бұл жерде ашықтық қағидатымен қатар талғампаз сыншылардың, сарапшы ғалымдардың және арнайы мамандардың атқарар шаруасы нақты өлшемдерге, тиісті талаптарға негізделсе дейміз – деп жазды ол.
Осы орайда әйгілі жазушы Корней ЧУКОВСКИЙДІҢ
«Балалар үшін де ересектер үшін жазғандай жақсы жазу өз алдына, одан да жақсы жазу керек» деп көрегендік танытқаны еске түседі.
Жақсы кітаптарды насихаттауға көрме, қажет болған жағдайда онлайн-көрмелер өткізу оңтайлы. Демалыс орындарында, алаңдарында көшпелі кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітап алмасу, айырбастау, тағы басқа да жұмыстар жетіп артылады. Ал осындай сауабы мол, игі шараларға мыңдаған оқырмандардың, жалпы халқымыздың көңілін аударуға үлкен ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдері, барлық салалық мемлекеттік басқару құрылымдары, БАҚ, әлеуметтік желілер, түрлі жарнама агенттіктері атсалысуға тиіс. Оның ішінде, Кітапқұмарлар қоғамын Кітап палатасының Қоғамдық кеңесі ретінде қайта құруды да ойластыруға болар еді. Сонда кітапқа, кітапсүйерге құрмет артып, елімізде баспа өнімдерін оқу мәдениеті дами түсері сөзсіз.
Мұндай ағартушылық миссияны, ұлттық әдебиетті насихаттау ісін талантты жазушы, кемел оқырман Қорғасбек ЖҮСІПБЕК жүргізетін бір ғана телехабарға артып қою, әрине, аздық етеді.
Айтпағымыз, асқақ айдар тағылған айтулы жылды мәнді, есте қаларлықтай етіп өткізу, яғни тәуелсіздігіміздің отыз жылдығында кітап оқуды дәріптеу - тек балалар жазушыларына, баспагерлерге ғана емес, баршамызға, мұғалімдерге, оқытушыларға, әсіресе, ата-аналарға жүктелген үлкен жауапкершілік қана емес, берері мол елдік-идеологиялық міндет. Бұл іске әркім оқырман ретінде өлшеусіз үлес қоса алатынын ұмытпалық. Үлкен де қарапайым міндет пен парыздың теңесетін жері де - осы тұс – деген ой түйген Д.Мыңбай жазбасы желіде қызу талқыланып, оқырмандарын ой салғаны сөзсіз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.