Екі баласын өлтірген әйелдің психикалық ауытқуы бар ма? ІІМ жауап берді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 13 ақпан, 2024

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлітрген ананың психикалық ауытқуы бар-жоғы айтылды, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты.

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, министрлік тарапынан қатаң бақылауға алынды. Заңға сәйкес, қылмыстық іс бойынша мәліметтер әзірше құпия, айтуға болмайды. Ал бұл отбасында бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алғаны не алмағаны қылмыстық істі тергеу аясында тексеріліп жатыр. Анықталатын болады. Бір айта кетерлік жайт, ол отбасынан Қызылорда облысында да, Түркістан облысында да тұрғанда ішкі істер органдарына ешқашан шағым түспеген. Бірақ, әйелдер отбасында зорлық-зомбылыққа көніп, арыз бермей жүруі де мүмкін. Сондықтан оның бәрі қылмыстық істі тергеу барысында тексеріліп, қорытындысы шығарылады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, қылмыстық істерді тергеу барысында мұндай жайттардың бәрі соңына дейін тыңғылықты қаралады.

Мұндай қылмыстық істердің қорытындысында көбіне отбасылық қиыншылықтардың себеп болғаны анықталады. Сонымен қатар қылмысты жасаған адам мінезінің психикалық ауытқулары да себеп болады, - деді ол.

7 ақпан күні Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың мәйіті табылған болатын.

472

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.