Танымал уағызшы Қабылбек Әліпбайұлының зәулім үйін халық сынады. Әлеуметтік желіде «Қабылбек ұстаздың үйі» делінген видео тарады, деп Turkistan Today хабарлайды altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықтың көпшілігін имамдардың жағдайы жоқ, айлықтары жоқ бола тұра, мынадай зәулім үйді қайдан салған деген сұрақ мазалады. «Имамдар қай ақшасына зәулім үй салады екен? Елдің берген садақасына үй салып алады ма сонда? Қалайша? Нұрлан имам жүр ғой 3 бөлмелі пәтері де жоқ. Мен ойлаймын адал ақшамен сал үйді, мынандай зәулім үйге нақты айлығың жетпейді», «Елдің ақшасына бәрі байып үй салып алады», «Осыдан-ақ білуге болады имамдардың қандай адам екенін. Беттері жылтырап, елді алдаумен айналысады. Жастарды ана өмірге дайындап, өздері мына дүниенің рахатын көріп», «Байлыққа қызығуға болмайды, әрбір тиыныңа жауап бересің. Кедей болсаң жұмаққа барасың,- деп уағыз айтып жатушы еді ғой», «Қалай тұрғызған мұндай зәулім үйді?»,- деп жазып жатыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.