Біз электр энергиясын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек
Амир Ташметов - мобилограф. Ол Ақтауда өтіп жатқан мобилография фестиваліне арнайы спикер болып келген. Оның айтуынша қазірдің өзінде электр энергиясын үнемдеу қажет. Сондай-ақ, ол АЭС болған жағдайда электр қуаты жеткілікті болуы мүмкін деп санайды,- деп хабарлайды turkistan.today
Мобилографтар фестивалі 22 қыркүйек күні қала күніне орай ұйымдастырылған.
Іс-шара заманауи және қызықты мамандық өкілдеріне арналған.
Спикердің айтуынша, мобилографтардың барлық жұмысы телефон және басқа техникалар арқылы жүзеге асады. Амир Ташметов қатысушыларға электр энергиясы болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
- Алматыда ауа ластанған, ал Ақтауда электр қуатымен жабдықтау желілерінде мәселелер бар. Біз электр энергиясын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өйткені қазіргі таңда энергия тапшылығы сезіледі. Бірақ бұл мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенемін. Еліміз атом электр станцияларын салу туралы дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін. Мен болашаққа зор үмітпен қараймын, - дейді Амир Ташметов.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.