1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы еліміздегі этникалық топтар туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Turkistan Today.
Қазіргі таңда Қазақстан халқының жалпы саны 19 808 430 адамды құрайды екен. Оның 70,6 пайызы – қазақтар құрайды:
-орыс халқының үлесі – 15,1 пайыз
-өзбектер – 3,2 пайыз
-украиндар – 1,9 пайыз
-ұйғырлар – 1,5 пайыз
-немістер – 1,1 пайыз
-татарлар – 1,1 пайыз
-әзірбайжандар – 0,7 пайыз
-корейлер-0,6 пайыз және басқа ұлттар.
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың көпшілігі олардың жалпы санынан Алматыда – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырлардың көпшілігі Алматы облысында – 120 мың адам тұратыны белгілі болды.
"Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың өкілдері де бар, барлығы Қазақстанда бір шаңырақ астында 124 ұлттың өкілдері тұрады. Біз оларға бейбітшілік, бақыт және жақсылық тілейміз", - делінген хабарламада.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.