«Еш маңызы жоқ»: Желіде аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған оқушылардың әрекеті дау тудырды (видео)

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 22 маусым, 2023

Желіде түлектердің өз аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған бейнежазбасы таралды. Бұл жөнінде Turkistan Today Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Аттестатты қоқысқа лақтырған оқушылардың әрекетіне қатысты желіде дау туды. Көптеген желі қолданушылары аттестатта тұрған мемлекеттік рәміздге құрметсіздік көрсетілгеніне наразылық білдірді. Өйткені құжатта елдің елтаңбасы бейнеленген.

Біреулер бұл адамдарды жауапқа тартуды ұсынды. Алайда оқушыларды жақтап, олардың әрекетін білім сапасыздығымен түсіндірмек жандар да табылды.

«11 жыл бойы тегін оқығандарына рахметтері осы ма?”, “Ата-аналарының еңбегін осылай ақтаған екен”, “Не деген масқара, жазаға тарту қажет”, “Балалардың оқу сапасына көңілі қалғандары көрініп тұр ғой. Елімізде білім беру сапасын назарға алу керек. Жемқорлыққа толы жүйе балаларымызға жиіркенішті”, “Диплом алғаннан кейін мамандық бойынша жұмыс таба алмайсыз. Дипломның қайда жатқанының еш маңызы жоқ. Қоқыс жәшігінде ме, әлде үйдегі сандықта ма, бәрібір…”, – деп жарыса жазды желідегілер. 

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.