«Фантастикалық құбыжықтар» фильміндегі түнекпен күресуші Хельмут Қазақстанға келді

«Фантастикалық құбыжықтар» фильміндегі түнекпен күресуші Хельмут Қазақстанға келді

Актер Александр Кузнецов Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлерімен кездесті. Ол бұл іс-шарада джедайлар мен шабуыл жасаушыларды көруге үмітті екенін айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

 

Comic Con Astana халықаралық фестивалінің аясында Фантастикалық құбыжықтар: Дамблдор құпиялары» фильміндегі Хельмуттің рөлін ойнаған актер Александр Кузнецов жанкүйерлерімен кездесті.

«Фантастикалық құбыжықтар» және Поттериана жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Александр Кузнецов Comic Con Astana халықаралық фестиваліне қатысуға қуана келіскенін атап өтті.

 

«Мені Comic Con-мен байланыстыратын нәрсе бұл фестивальдің кино, мультфильм, анимедегі өз кейіпкеріңді сомдай алу мәдениеті. Мені Comic Con-мен жақындастыратын да осы, мен де дәл сондаймын. Актер ретінде мен бұны кинода жасаймын. Бірақ, егер актер болмасам, мен бәрібір де мұнда бір костюмді киіп келуші едім.

 

Comic Con Astana керемет екен, шынымды айтсам, мен тіпті бұлай болады деп күтпедім де. Костюмдер жақсы жасалған, бәрі ойластырылған. Кумирлерім жөнінде айтсам, мен «Жұлдызды соғыстардың» фанатымын. Бұл жерден джедайлар мен шабуыл жасаушыларды көргім келеді» деді іс-шараның басты хедлайнерлерінің бірі.

 

Ол қолтаңба беріп, жанкүйерлерімен естелік суретке түсті.

 

  

 

Александр Кузнецовтың фильмографиясы көптеген танымал және әйгілі  жұмыстар мен жобаларды қамтиды, атап айтқанда: «Скиф» және «Парма» фильмдері, Кирилл Серебренников түсірген Виктор Цой мен Майк Науменко туралы «Жаз» өмірбаяндық фильмі; Павел Лунгиннің «Бауырластық» әскери драмасы; Григорий Константинопольдің «Найзағай» және «Клипмейкерлер» фильмдері.

 

Комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған Comic Con Astana халықаралық фестивалі Қазақстан астанасында екінші рет өтуде.

Бағдарлама 15-17 қыркүйек аралығында үш күнге созылады және жанкүйерлермен кездесу, дәрісханалар, комикстер мен манга авторларының аллеясы, косплей байқауын және т.б. қамтиды.

 

Іс-шараның басты хедлайнерлері – «Галактика сақшылары» жұлдыздары Шон Ганн мен Майкл Рукер. Арнайы қонақтардың қатарында Супермен, Гай Ричидің «Револьвер», Эмир Кустурицаның «Андерграунд» фильмдерінде жұмыс істеген француз кинопродюсері Пьер Спенглер бар. Сондай-ақ, фестивальде танымал комикс суретшілері, бейне ойын жасаушылар және кәсіби косплейерлер бар.

 

Фестивальдің ресми серіктесі – Яндекс Плюс және Кинопоиск онлайн кинотеатры.

 

Іс-шара күндері билеттерді жобаның ресми сайты www.comicconastana.kz, сондай-ақ ticketon.kz, sxodim.kz, iticket.kz және Яндекс Афиша қызметтері арқылы алуға болады. Сондай-ақ, алаңда кассалар жұмыс істейді.

 

Фестиваль Конгресс орталығында Гейдар Әлиев көшесі, 12 мекен-жайы бойынша өтеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0