Гүлнәз Жоланова күйеуін көрсетті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Қоғам 5 сәуір, 2023

Актриса Гүлнәз Жоланова әлеуметтік желіде шағын сауалнама жасап, оқырмандарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді, деп Turkistan Today хабарлайды inbusiness.kz дереккөзіне сүйене отырып.

Қалың көпшілікті актрисаның отбасылық өмірі қызықтыратыны сөзсіз. Жеке өмірін құпия ұстағысы келетін Гүлнәз Жоланова күйеуі мен жеке өміріне қатысты сауалдарды күтпестен, сүйіктісі туралы қысқаша айтып өтті.

"Бірден жауап берейін. Тойымызды өткіздік. Күйеуім танымал адамдардың қатарынан емес және шығармашылыққа да қатысы жоқ. Тіпті Instagram әлеуметтік желісінде де тіркелмеген. Мен оны көпшілікке көрсетіп, мазалағым келмеді. Сол себепті суреттермен, видео жазбалармен бөліскен жоқпыз", – дейді Гүлнәз. 

Соңғы кезде шоу-бизнестегі әйелдер қауымы өзінен жасы кіші жігіттерге тұрмысқа шығып жатқандықтан болар, актрисадан күйеуінің жасын сұраған оқырман да табылды.

Бұл сауалға Гүлнәз: "Уайымдамаңыз, 32-де", – деп жауап берді.

1.7k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.