Қазіргі таңда электр энергиясының оңтүстік өңірлерде жетіспеушілігі байқалуда
Халықтық штаб мүшелері «Достық үйінде» жергілікті этнос өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді баяндады,- деп хабарлайды turkistan.today
Сыр елі өзінің қазақы ортасы мен ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанған аймақ ретінде көпшіліктің таңдайын қақтырған. Өңірімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің айрандай ұйыған татулығы баршаға үлгі.
Алдымызда тұрған үлкен саяси науқан – жалпыхалықтық референдумда да жұдырықша жұмылып, Мемлекет басшысының маңызды бастамасын қолдайтынын жеткізген ассамблея мүшелері атом энергертикасының тиімділігі турасында өздерінің пікірін білдіріп жатыр.
"Сыр елі қашан да қазақы қаймағы бұзылмаған, өзінің азаматтық ұстанымы бар өңірлердің қатарынан табылып келеді. Осында өткен кездесулерімнен халықтың бірлігінің мығым екенін анық байқадым. Өздеріңізге мәлім, алдымызда тұрған референдумға атом станциясының құрылысының керек немесе керек еместігі анық болмақ. Мемлекет басшысы бұндай маңызды қадамды халықпен ақылдаса отырып, жүзеге асыруға шешім қабылдады. Жалпы, атом энергетикасына байланысты түрлі пікір бар. Адам болған соң, қоғам болған соң сан алуан пікірлердің болары заңдылық. Дегенмен, өздеріңіз ендігі атом энергетикасының тиімділігі мен ел әлеуетіне берер пайдасы жайлы толық ақпарат алған боларсыздар. Сондықтан, маңызды қадамды бірге жасайтынымызға сенім мол", - деді кездесуде штаб мүшесі Қарақат Әбден.
Ал «Жасыл энергияның» маңыздылығына тоқталған штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев: "Кез-келген жерде жергілікті қауымдастықтың пікірі маңызды. Бүгінде бірнеше көршілес мемлекеттер атом станцияларының құрылысын бастауға бел буып отыр. Біздің елде 1967 жылы қолданысқа берілген бірнеше реакторлар жұмыс жасауда. Кадр әлеуеті де жеткілікті. Бірақ, оның қауіпсіздігіне де көңіл аудару қажет. Бұл тұрғыда халықаралық «МАГАТЭ» ұйымы еліміздегі реакторлардың жұмысын ұдайы бақылап отырады. Осы жылдар ішінде біздің елге ұйым тарапынан қандай да бір қарсы пікірлер түспеген. Демек, отандық мамандар өз ісінің шеберлері", - деді.
Кездесуде жергілікті қауымдастық өкілдері атом станциялары өндіретін электрдің тарифтері мен құрылыс барысы, онда қамтылатын жұмыскерлер саны жайында ақпарат алып, пікірлерін ортаға салды.
Қызылжарма тұрғындары Халықтық штаб өкілдерінен АЭС төңірегіндегі сауалдарына жауап алды.
Ауыл халқы қашан да ел үшін өзекті бастамалардың жанынан табылып, мәселенің тиімділігін талқылап жүреді. Сонымен қатар, ауылды гүлдендіру бағытында елімізде ілкімді істер атқарылуда. Мемлекеттік бағдарламалардың дені осы ауыл халқына арналған. Оның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, жұмысқа орналасу, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту жобаларының бірнешеуі іске асырылуда. Сондықтан, қандай да бір маңызды мәселені ең алдымен елдегі көнекөз қарияларымен, ауыл тұрғындарымен талқылап, пікірін білу игі дәстүрге айналды.
Бүгінгі кездесуде Халықтық штаб өкілдері Мұрат Ергешбаев пен Қарақат Әбден ауыл тұрғындарына атом энергетикасының тиімділігін түсіндірді.
Қазіргі таңда электр энергиясының оңтүстік өңірлерде жетіспеушілігі байқалуда. Сонымен қатар, электр қуатын қалалықтармен қатар ауылдағы ағайын да көп тұтынуда. Себебі, өндіріс, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіптердің дені ауылдарда орналасқан.
Тұрғындармен жүздесуде штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев атом энергетикасының әлемдік тәжірибелерін баяндап, еліміздегі ядролық физика саласының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, әлемдік аренадағы ірі державалардың атом саласындағы ашқан жаңалықтарымен, қазіргі атом станцияларының жаңа буыны жайлы түсіндірді.
Жалпы әлемдегі барлық атом станцияларының қалытқысыз жұмыс жасауын «МАГАТЭ» халықаралық ұйымы бақылайды. Олар атом станцияларының барлығына ескертпестен бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда сөз алған Халықтық штаб мүшесі, «Ауыл» партиясының мүшесі Қарақат Әбден атом энергетикасының Қазақстанға берер артықшылықтары мен «жасыл энергияның» ел болашағындағы айрықша рөлі туралы айтып өтті.
Кездесуде қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев көмірден өндірілетін энергия мен көмірқышқыл газының қоршаған ортаға залалы жайлы түсіндірді.
Жиын соңында ауыл тұрғындары атом энергетикасына байланысты сауалдарын жолдап, пікір алмасты.
АЭС: Энергетикалық тәуелділіктің алдын алу
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданына арнайы келіп, «СКЗ-U» ЖШС ұжымымен кездесті.
Онда Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
«Бүгіндe өзіміздeгі элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ», – деді күн тәртібіндегі өзекті мәселенің ел болашағына қажеттілігін кеңінен жеткізген Халықтық штаб мүшесі Мұрат Абенов.
Облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов АЭС-тің eл экoнoмикaсынa және энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa тигізeтін ықпaлы жайында ақпарат беріп, ұжым мүшелерін 6 қазан күні дұрыс шешім қабылдауға шақырды.
Мұнан соң Халықтық штаб өкілдері Сунақата ауылында болып, ауыл тұрғындарымен пікірлесті. Кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, атом электр станциясын салудың перспективасына қатысты өз ойларын жеткізді.
Жиында АЭС-тің экологияға әсері, радиациялық қауіптерді басқару және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері туралы толық ақпаратқа қаныққан тұрғындар Мемлекет басшысының АЭС салу жөніндегі бастамасын қуаттайтынын білдірді.
Әлемдегі ең жоғары энергия көзі
Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов Шиелі ауданында болып, аудандық штаб мүшелерімен бірге Бәйтерек, Телікөл ауылдары тұрғындарымен кездесті.
Кездесулерде атом электр станциясының құрылысы және оның ел экономикасы мен экологиясына тигізетін ықпалы туралы қатысушылармен пікір алмасты. Жиында Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы екені айтылды.
Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Тариф вендорлармен келіссөздер жүргізіп, жобаны жүзеге асыру шарттарын талқылағаннан кейін және жобалық құжаттаманы әзірлеуден соң анықталады. Бұл талқылаулар мен құжаттаманы дайындау жобаның барлық экономикалық және техникалық аспектілерін ескере отырып, әділ және бәсекеге қабілетті бағаны белгілеуге көмектеседі. - деп атап өтті Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов.
Пікір алмасу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін айтып, жалпы кейінгі толқынның болашағы үшін АЭС құрылысын қолдайтындарын жеткізді.
АЭС: Қариялар "Қазақстан қуатты ел болсын" деп бата берді
Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді, оның ішінде атом энергетикасының тиімділігін талқылау мақсатында қазыналы қариялармен жүздесті. Нақты айтқанда «Қалалық ардагерлер кеңесі» алқасымен кездесті.
Әрине, ел басындағы маңызды мәселелерді талқылауда, қоғамның ақылшысы, тірегі ретінде қариялардың, ардагерлердің алар орны биік.
Кездесуде АЭС-тің елге берер пайдасы, еліміздегі маңдайалды Ядролық-физикалық орталықтың жұмысы әңгіме арқауы болды.
Жиын шымылдығын ашқан Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шахизат Хамитұлы: "Біздің мемлекет те өзге елдер секілді болашағын ойлап, атом энергетикасының тиімділігін пайдалануға бет бұрып отыр. Елімізде ол үшін уранның қоры жетерлік. Ғалымдар атом энергиясының оң солын пайымдап, тиісті шешімге келіп, жақсы бағасын беріп отыр", - деді.
Кездесуде Халықтық штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов "Әлемдегі ядролық реакторлар мен атом станцияларының жұмысын бақылап отыратын «МАГАТЭ» ұйымы барлық күмәнді сейілтеті. Себебі, атом энергетикасына қатысты барлық мәселе аталған ұйымнан ой елегінен өткізіліп, маңызды мәселелер қатарынан түскен емес. Қазірде Корея секілді мемлекеттер 2050 жылы сұранысқа ие болатын маман иелерін даярлаумен айналысуда. Демек, келешек күнді, жастардың болашағын осы бастан айқындап, нақты қадам жасайтын кез келді", - деді.
Ал Тасбөгет кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Молдашев: Жаһанның келешекке ұмтылу қарқыны қазірде өте жылдам. Күн сайын жаңа технологиялар әлемді аузына қаратуда. Электр қуатының да қоры таусылары анық. Сондықтан, атом энергетикасын қолдау өте маңызды,-деп пікір білдірді.
Алқалы жиында штаб мүшесі Руслан Рүстемов ядролық атомға байланысты көпшіліктің пікірін ескеру қажеттігін атап өтті.
«Бүгінде қоғамның ойындағы фобияның бірі – атомнан келетін қауіп. Бұл өткен күндерден қалған қиын кезеңнің естелігі болар. Дегенмен, кеше әріптесім Наурызбай Сейтқалиұлымен «ЯФИ» орталығында болып, осы саламен айналысатын мамандармен тілдесіп, жұмыстарымен таныстық. Осыған дейін «МАГАТЭ» ұйымынан келген тексерулер нәтижесінде бірде-бір рет ескерту жасалмаған екен. Демек, отандық ғалымдарымыз, орталық мамандары тиісті деңгейде қызмет атқаруда», - деп атап өтті.
Дөңгелек үстелде бас қосқан ардагерлер мәселенің мәйегін пайымдап, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.