Халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов «Қорқыт ата» университетінде кездесу өткізді

Фото: Халықтық штаб
Фото: Халықтық штаб
Жаңалықтар 1 қазан, 2024

Ядро-физикалық институт өз жұмысын 1957 жылы бастаған

Бүгін республикалық Халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің ғалымдарымен кездесті, деп хабарлайды turkistan.today

Кездесуде штаб мүшесі атом энергетикасының да ерекше сала екенін атап өтіп, еліміздегі ядро-физикалық институттың жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Ядро-физикалық институт өз жұмысын 1957 жылы бастаған. Әлемдегі атом станциялары мен реакторларының жұмысын бақылауда ұстайтын халықаралық «МАГАТЭ» ұйымы орталықта бірнеше мәрте тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бірде бір рет ескерту бермеген екен. Бұл біздің отандық ғалымдарымыздың тиісті деңгейде қызмет етіп отырғандығын көрсетеді.

Негізі ғылыми-зерттеу ядролық реакторларының іске қосылуымен Қазақстанға ғылыми тәжірибелер жүргізуге, сондай-ақ ядролық физика әдістерін еліміздің ұлттық экономикасының әртүрлі салаларына енгізуге кең мүмкіндіктер ашылады. Алдағы уақытта физика ядролық саласыда да өңіріміздің азаматтары жемісті еңбек ететіні сөзсіз деп пікір білдірген штаб мүшесі оқытушылармен жаһандағы атом энергетикасының қазіргі ахуалын талқылады. 

Кездесуде университет ғалымдары Қазақстанның ғылым саласындағы орталыққа айналғанын тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.