Иманды болсын! Тоқаев қайтыс болған танымал түркологқа лайықты құрмет көрсетті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркі тұлғалары 30 шілде, 2024

Әріптестері мен басшылары өз деңгейінде бағалай алмаған теңдесі жоқ ғалымның аруағын Қасым-Жомарт Кемелұлы қадірлей білгенін жазды ақын Ауыт Мұқибек Facebook парақшасында,- деп хабарлайды turkistan.today

"Бүгін Астана жұрты аса көрнекті түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлын соңғы сапарға шығарып салды. Марқұмның сүйегі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей шешімімен Ұлттық пантеонға жерленді. Ғалымдының жаназасына жиналған жұрттың қарасы мол болды. Туыс-туғандары, жерлестері, әріптестері мен шәкірттері түгел жиналыпты.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза жерлеу салтына бастан-аяқ қатысып, Президенттің көңіл айту хатын оқыды. Өзі де сөз сөйлеп, Қаржаубай Сартқожаұлын «ҰЛЫ ҒАЛЫМ» деп атады. Дау жоқ, Саясат Нұрбек бауырымыз өте дұрыс айтты, Қаржаубай Сартқожаұлы —  бұл күнде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған «Газетчик академиктердің» қатарынан емес, нағыз ҰЛЫ ҒАЛЫМ болатын.

Оны бүкіл ТҮРКІ ДҮНИЕСІ таныды, еңбегіне бас иді. Қазақстан өз ТӘУЕЛСІЗДІГІН жариялағаннан соң, алғашқылардың бірі болып, Қаржаубай аға да Атажұртына оралды.  Жай, құры келген жоқ, Күлтегін бастаған Көк түріктердің күбірін ала келді.

Сол елге оралған ағайындардың ішінде екі тұлғаның орны ерекше бөлек болғанын жұрт жақсы біледі. Ол — Мұстафа Өзтүрік пен осы Қаржаубай Сартқожа.  Мұстафа Өзтүрік ҰЛТТЫҢ РУХЫН көтерсе, Қаржаубай Сартқожаұлы ҰТТЫҢ ЖАДЫН жаңғыртты. Бір қызығы, осынау әлем таныған, теңдесі жоқ ғалым Отажұртына оралған отыз жылдың ішінде небәрі «ҚҰРМЕТ» орденімен ғана марапатталыпты. Оның өзін жұмыс орыны емес, Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының ұсынуымен алыпты. Ұлттық пантеонға жерлеудің де өз ЕРЕЖЕСІ болуы мүмкін. Бірақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының сол ЕРЕЖЕНІ бұза отырып, қатардағы «Құрмет» орденімен ғана марапатталған ғалымға Ұлттық пантеоннан мәңгілік орын беруі — біріншіден ғылымға деген шексіз құрмет болса, екіншіден Қаржаубай Сартқожа ұлының хас таланты мен Ұлы еңбегін, ғылымдағы және өмірдегі қадыр-қасиетін терең түсінгендіктің әрі бағалай білгендіктің белгісі дер едім. Қысқасы, әріптестері мен басшылары өз деңгейінде бағалай алмаған ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ғалымның аруағын  Қасым-Жомарт Кемелұлы бағалай білді! Сөйтіп, Күлтегін бабасының рухы Қаржаубай Сартқожа деген қазақты Сарыарқаның қабірлерінің қақ төрінен  бірақ шығарды… Жұрт Қасекеңе қатты риза болды! Біз де ардақты ағамызбен қимай қоштастық. Өз қолымызбен топырақ салып, дұғамызды бағыштадық. Жатқан жерің жайлы, иманың саламат болсын, Қаржаубай аға,-деп жазды ақын.

472

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.